Оқу ағарту министрі Айтмағамбетов Асхат Қанатұлы «Жайлы мектеп» жобасы аясында Өндіріс кентінде орналасқан Қошке Кемеңгерұлы атындағы 49 орта мектебімізге келіп, ұстаздар, оқушылармен пікірлесіп, ой бөлісті.
22қазан күні Дүниежүзілік кітап күні және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 49 орта мектепте кітапханашы Урбаева Ғ.А ұйымдастыруы мен READx өткізілді.
Іс-шараға оқушылар, мұғалімдер, Астана мектеп кітапханашылары қатысты
Бүгін 1 қыркүйек - Білім күніне орай "Кел балалар, оқылық!" атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы біздің жалпы ұлттық міндетіміз деп айқындаған еді.
Біздің «Қошке Кеменгерұлы атындағы №49 орта мектепте» 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылды.
Жазғы мектептің мақсаты – белсенді түрде оқушылардың білімін тереңдету. Жазғы мектепте білімді толықтыру бойынша оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
15 жылдан астам уақыт бойы мектепке Қошке Кемеңгерұлының атын алу арман болып еді. Сол арманға қол жетіп, ҚР Азаматтық кодексі 42-бабы 6-тармағының 2-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №123 қаулысын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі 2022 жылғы 29 наурыздағы № 107-876 қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп КММ-не Қошке Кемеңгерұлы есімі берілді.